2015 жылғы 16 наурыз, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі №154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шетел валютасын сатып алу және сату тәртібi
16. Заңды тұлғалар (уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдарды қоспағанда) ішкі валюта нарығында шетел валютасын уәкілетті банктер арқылы осы Қағидалардың 17 немесе 19-тармақтарына сәйкес ресімделетін шетел валютасын сатып алуға немесе сатуға арналған өтінімнің негізінде сатып алады және сатады.
17. Уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын резидент заңды тұлға уәкілетті банк арқылы шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімді ресімдеген кезде шетел валютасын сатып алудың мақсаты мен сомасын көрсетеді.
Шетел валютасын бір жүз мың АҚШ долларынан асатын баламалы сомаға ұлттық валютаға сатып алатын жағдайда, уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым болып табылмайтын резидент заңды тұлға өтінімге қоса орындау мақсатында шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін және (немесе) шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын растайтын өзге де құжаттарды береді.
18. Уәкілетті банк осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес ресімделген шетел валютасын бір жүз мың АҚШ долларынан асатын баламалы сомаға ұлттық валютаға сатып алуға арналған өтінімді орындаған кезде өтінімде көрсетілген шетел валютасын сатып алу мақсатын және сомасын валюталық шартпен және (немесе) шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге де құжаттармен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
19. Шетел валютасын уәкілетті банк арқылы ұлттық валютаға сатып алуға немесе сатуға арналған өтінімді ресімдеген кезде резидент емес заңды тұлға шетел валютасын сатып алудың немесе сатудың мақсатын көрсетеді.»;
40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша тіркеу куәлігі өтініш беруші толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.»;
41-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) валюталық шарттың тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен бекітілген (заңды тұлғалар үшін, ол болған жағдайда) көшірмесі. Егер валюталық шарт шет тілінде жасалса, онда оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады;»;
2-қосымшада:
«Мөр орны» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқаудың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептің 3-18-бағандары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісін қолдану қағидалары) көзделген форматтарды және кодтарды пайдалана отырып, ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде толтырылады. 18-бағанда төлем құжатында ақша жіберуші (алушы) көрсеткен төлем мақсатының коды (бұдан әрі - ТМК) көрсетіледі.»;
3-қосымшада:
«Мөр орны» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау мынадай редакцияда жазылсын:
«3-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау
Есепті уәкілетті банк осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайда жеке тұлғаның төлем карточкаларын пайдаланбай банк шоты бойынша не банк шотын ашпай жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша жеке және уәкілетті банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары немесе қолма-қол ақша алу бойынша жеке ұсынады.
3, 7, 10, 13, 14 және 15-бағандар ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде Төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісін қолдану қағидаларында көзделген форматтарда және кодтармен толтырылады.
Төлем және (немесе) ақша аударымы/төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алу үшін 10 және 11-бағандарда төлем (ақша аударымы)/ақша алу валютасы мен сомасы бойынша деректер көрсетіледі, ал 14 және 15-бағандар толтырылмайды.
5-бағанда ақша жіберуші (алушы) жеке тұлғаның ЖСН көрсетіледі, резидент емес жеке тұлғада ЖСН болмаған жағдайда, тиісті баған толтырылмайды.
6-бағанда, егер төлемді немесе аударымды есеп беруші банк жіберген болса «жіберілген» деген жазба, егер төлемді немесе аударымды есеп беруші банк алса «алынған» деген жазба, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алынған жағдайда «ақша алу» деген жазба қойылады.
7-бағанда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатында көрсетілген төлем немесе ақша аударымы мақсатының коды қойылады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып банк шоты бойынша жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін баған толтырылмайды.
9-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында көзделген уәкілетті банктің коды немесе оның филиалының коды қойылады. Егер жеке тұлғаның төлеміне және (немесе) ақша аударымына уәкілетті банктің филиалында қызмет көрсетілсе, банк филиалының коды көрсетіледі.
12-бағанда төлем немесе ақша аударымы сомасы мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Егер төлем немесе ақша аударымы АҚШ долларынан өзге валютада жүзеге асырылса, онда төлем сомасының АҚШ долларындағы баламасы операция жасалған күндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.
13-бағанда 5-бағанда көрсетілген белгісіне (жіберілген/алынған/ақша алу) қарай бенефициар/ақша жіберуші/ақша алу елінің коды қойылады.
16-бағанда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатына сәйкес төлем немесе ақша аударымы бенефициарының (жіберушінің) сәйкестендіру деректері не уәкілетті банктің осындай аударым жүзеге асырылған төлем карточкасына сәйкес келетін төлем карточкалары жүйесінде көзделген ақша бенефициары (жіберуші) туралы ақпарат көрсетіледі. Төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақша алу үшін баған толтырылмайды.»;
4, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшалар «Мөр орны» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Министр Ә.Ө.ИСЕКЕШЕВ
2015 жылғы 20 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Министр Б.Т.СҰЛТАНОВ
2015 жылғы 18 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Министр Е.Ә.ЫДЫРЫСОВ
2015 жылғы 17 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Министр Е.А.ДОСАЕВ
2015 жылғы 10 сәуір
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10777 болып енгізілді.